Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Профилактика шарасын өткізуге байланысты демалыс күндері (27-28 маусым) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 29 маусымда (дүйсенбі) оралады»,-делінген таратылған ақпаратта.
Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және тағы да басқа адам көп жиналатын орындар демалыс күндері жабық болады.