24 сәу, 2020 сағат 12:35

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер 93 жастағы науқасты коронавирустан емдеп шығарды

Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері Ақмола облысының арнайы қызмет көрсету орталығының 7 науқасын коронавирустан емдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олар 7 сәуірден бастап № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ем алды. Науқастардың арасында 1927, 1933, 1944, 1955, 1961 жылғы әйелдер мен 1978, 1984 жылғы ер адамдар бар.

Пациенттер дәрігерлерге көрсетілген медициналық көмек пен қамқорлық танытқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ дәрігерлерге өлең жолдарын арнады. Елордада коронавирусты жұқтырудың 433 жағдайы тіркелді, 207 адам індеттен сауықты.