11 мам, 2020 сағат 16:13

Нұр-Сұлтанда блокпосттан кімдер өте алады?

Елордаға кіріп-шығуға қойылған шектеу шаралары әлі де күшінде қалады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нұр-Сұлтан қаласына кіруге қойылған шектеу шаралары әлі де күшінде болады. Елордаға тек қаланың тіршілігі үшін маңызды нысандар мен кәсіпорындарда еңбек ететін адамдар кіргізіледі. Қазіргі таңда біздің қалалық штаб Қарағанды және Павлодар облысының әкімдіктерімен бірге елордаға жақын ауданда тұратын, бірақ қаладағы карантин аумағында еңбек ететін азаматтардың тізімін жасап жатыр. Осы тізім блокпостағы «Сергек» жүйесіне енгізіледі», - деді Бақтияр Мәкен ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Яғни Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін азаматтар аудандық әкімдіктегі бөлімшеге барып, өзінің астанада еңбек ететінін растауы керек. 

«Біз осы тізімді блокпосттарға жолдаймыз. Артынша тізімдегі азаматтар қалаға оңай кіре алады», - деді Бақтияр Мәкен.