25 мау, 2020 сағат 12:54

Нұр-Сұлтанда ахуал орталығы ашылды

Астанада ахуал орталығы ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қалада эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірқатар шешімдер қабылданды. Біріншіден, жедел медициналық көмек базасында байланыс орталығы құрылды. Онда дереу талдау жасалып, кеңес беру қызметі көрсетіледі. Бұл күніне шамамен 500 өтінім. Сондай-ақ қалалық аумақтық емханаларда жауапты тұлғалармен байланыс орталығы құрылды. Олар туралы ақпарат интернет-ресурстарда қолжетімді. Қаламыздағы iKOMEK ақпарат орталығында медициналық ұйымдардың әр басшысына арналған мобильді қосымшалар бар. Өтінімдер бірден олардың мобильді қосымшасына түседі», – деп түсіндірді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова. ⠀ 

Сәуле Қисықова елордада ахуалдық орталық құрылып, онда қаланың төсек-орын қоры КВИ және науқастар ағымымен реттелетінін атап өтті. 

«Жоспарлы амбулаториялық-емханаға баруды уақытша тоқтату есебінен бұл кадрлық ресурстар қосымша жедел медициналық жәрдем бригадаларын құруға бағытталды. Жақында 32 бригада құрылды. Бүгінде қалада 150 бригада жұмыс жасауда», — деді ол.