15 сәу, 2020 сағат 14:11

Нұр-Сұлтанда 11 ұйым карантиннен алынды

Елордада денсаулық сақтау нысандары, №1 автопарк, жатақхана сынды 11 ұйым карантиннен алынды. Олардың аумағында бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Карантиннің ұзартылғанына байланысты қоғамдық көлік жұмысы айдың соңына дейін тоқтатылды. 16 нысан карантинге жабылды. Олардың ішінде үш медициналық ұйым, екі жатақхана, 10 кіреберіс және жеке компания бар. Бұл аумақтар қоршалды, адамдардың келуіне қатаң тыйым салынады. 

Қазақстанда коронавирустан сауығып кеткендердің саны 220 адамды құрайды, оның 118-і Нұр-Сұлтан қаласында.