#
#
Дүйсенбі 30/11/2020

«Нұр-Сұлтан – Қарағанды» трассасында бетонды бөгеттер не үшін қойылып жатыр?

  • 19.10.2020
  • 0
  • 140

Әлеуметтік желілерде халықты дүрліктірген видеоға қатысты Қарағанды облысының әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар Нұр-Сұлтан – Қарағанды қалалары арасындағы трассада қойылған бетон бөгеттерге қатысты видеоны қызу талқылауда. Халық бұл блоктар Қарағанды облысында қайтадан қатаң карантиндік шектеулер болатынын айтып, болжам жасауда. Алайда, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл қауесетті жоққа шығарды. 

«19 қазаннан бастап өңір бойынша санитарлық бекеттер жұмыс істей бастады. Олардың жалпы саны - сегіз. Аталмыш бекеттерде дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Тексеру барысында сауалнама жүргізіліп, термометрия жүзеге асырылады. Бұл - блокпостар емес», - деп түсіндірді Қарағанды облысының әкімдігінде. 

Еске салсақ, санитарлық бекеттер Жезқазған, Приозерск, Ұлытау, Нұра, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров аудандарында орнатылды.

Қазіргі уақытта облыстың карантинге жабылуы туралы ақпарат жоқ. Егер жүргізуші мен жолаушылардың дені сау болса, санитарлық бекеттер жол жүруге кедергі етпейді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар