12 мам, 2020 сағат 16:23

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері 7 бала терезеден құлаған

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері 7 бала терезеден құлап, біреуі қаза тапқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мұндай фактілердің алдын алу мақсатында ата-аналар мен ересектердің белгілі бір ережелер мен кеңестерге құлақ асуын өтінеміз: 

- пәтерде терезені ашып, желдеткен кезде баланың қараусыз қалмауын қадағалаңыз;

- терезені ашқан кезде 10 см үлкен етіп ашпаңыз, ол үшін арнайы бекіткіш қойыңыз;

- баланың ересектерсіз жалғыз балконға шығуына жол бермеңіз; 

- ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, бала оянған соң терезеге қарай баруы мүмкін;

- барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қою керек;

- терезеден қарау үшін балаға аяғының астына орындық немесе басқа нәрсе қойып үйретпеңіз;

- терезедегі москиттік торларға сенбеу керек: балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлап, терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.

- егер 5-12 жас аралығындағы бала пәтерде жалғыз қалуға қорықса, аз уақытқа да қалдырмаңыз. Олар қорыққан кезде ата-анасын көремін деп терезеден немесе балконнан қарап, құлап кетуі мүмкін.