28 сәу, 2020 сағат 11:20

Нұр-Сұлтан қаласында соғыс ардагерлеріне бір реттік төлем аудару басталды

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай елорда ардагерлеріне 1 млн теңге сомасында бір реттік төлем беру басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өту аясында қалада соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төлемдерді аудару басталды», - деді Б. Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Осы орайда ол бүгінде қалада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 44 ардагер тұрып жатқанын еске салды. 

Сонымен бірге, бір реттік төлемақы тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне және өзге де санаттағы азаматтарға беріледі.