Кәсіпорын қызметкерлері блокпосттан өту үшін Qoldau.kz веб-порталындағы «AgroRuqsat» электронды қызметіне ЭЦҚ арқылы өтініш беру қажет.
Кейін өтінішті жедел штабтың сараптамалық тобы өңдейді. Егер сұраныс расталса, өтініш беруші туралы ақпарат «Сергек:блок-пост» электронды деректер базасына енгізіледі.
17 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ арасында агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне карантин аймағынан шығып, далалықта өз жұмыстарын атқаруға электронды рұқсат беру туралы келісім жасалды.
Сонымен қатар, аграрлар өзінің жеке кабинетінде өз өтінішінің (қаралып жатқанын / расталғанын / қабылданбағанын) статусын көре алады. Осыдан кейін өтініш беруші карантин аймағынан шыға алады.
Өтініш бермес бұрын, ауылшаруашылық кәсіпорындары рұқсат беру ережелерімен толық танысуы қажет. Бейне нұсқаулыққа сілтеме: https://ruqsat.qoldau.kz/ru/ruqsat/call-center Электронды рұқсат алу бойынша кеңестерді мына сілтеме бойынша алуға болады: https://ruqsat.qoldau.kz/ru/ruqsat/call-center
Техникалық қиындықтар мен ақаулар туындаған жағдайда +7 (7172) 55-29-81 байланыс номеріне немесе info@qoldau.kz электронды поштасына хат жазуға болады.