#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Нұр-Сұлтан әкімдігінің штаты да, бюджеті де қысқартылады

  • 26.05.2020
  • 0
  • 208

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің штаты мен бюджеті қысқартылады. Бұл туралы «Хабар-24» телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, квазимемлекеттік секторда, сонымен қатар аппараттың ішінде де штаттық құрылым мен бюджетті оңтайландыру жүргізіліп жатыр. 17 заңды тұлға оңтайландырылды. Сонымен қатар бюджет қайта қаралып, өнімсіз шығыстар 27 млрд теңгеге қысқартылды. Қазіргі уақытта тағы 7 млрд теңгені қысқарту бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді елорда әкімі. 

Оның атап өтуінше, жалпы оңтайландырылатын қаражат сомасы 35 млрд теңгені құрайды. 

«Бұл қаражат алдымызда тұрған әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге жұмсалатын болады. 14 млрд теңгеден астам қаражат инженерлік инфрақұрылымға, 3,5 млрд теңге білім беру жүйесін қолдауға, денсаулық сақтау мен әлеуметтік жұмыстарға, сонымен қатар 3 млрд теңгеден астам қаражат шағын және орта бизнесті қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін субсидиялауға бағытталады», - деді Алтай Көлгінов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар