Елордадағы ірі ойын-сауық орталықтары жұмысын бастауы мүмкін. Бұған қатысты тиісті қаулының дайындалып жатқанын қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елордада байқалған коронавирус инфекциясы деңгейінің оң динамикасына қарамастан санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақтау қажеттілігін атап айтқым келеді. Себебі карантин шараларын босаңсыту – кез келген уақытта аурудың өсуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың талаптарын тек субъектілердің өздері ғана емес, сонымен бірге келушілер де қатаң сақтауы керек», - деді Жанна Пірәлиева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Ол қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы қашан жанданатынын айтып өтті.
«Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоаралық комиссияда 2020 жылдың 20 мамырынан бастап біздің қалада сауда-ойын-сауық орталықтарының (оның ішінде ойын-сауық және ойын орталықтарынсыз, фудкордсыз, кинотеатрсыз) және қоғамдық моншалардың (сауналардың бассейнсіз), азық-түліктік емес сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын қайта бастау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл мәселені қазір біздің тарапымыздан қарастырып жатырмыз
Бұл мәселеге қатысты бүгінгі күні қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы дайындалып жатыр.