«Nur Suńqar» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазіргі таңда «Nur Suńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.
«Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады. Байқау шарты бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.
«Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2020 жылдың 19 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады», - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.
Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:
- «Телевизия үздігі» – үздік телевизиялық журналист;
- «Ұшқыр қалам» – үздік газет журналисі;
- «Үнжария» – радионың үздік журналисі;
- «QazNet үздігі» – интернет басылымның үздік журналисі»;
- «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал»;
- «Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін;
- «Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
- «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін;
- «Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздің жарияланым;
Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады. Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2020@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз.
Қосымша сұрақтар бойынша 8 776 777 09 22 нөміріне хабарласуға болады.