Орыс жазушысы, драматург, "Ну, погоди" авторларының бірі Александр Курляндский қайтыс болды, - деп хабарлайды "Эхо Москвы".
Дереккөз мәліметінше, Александр Курляндский 83 жасында қайтыс болды. Бұл мәліметті басылымға жазушының туыстары растады. Бірақ оның неден қайтыс болғаны айтылмады.
Курляндский - 10 сериялы "Великолепный Гоша", 3 сериядан тұратын "Возвращения блудного попугая" мультсериалдардың авторы.
Сонымен қатар, ол "Вы не были на Таити?", "А нас и здесь неплохо кормят!", "Прелестно!", және "Попугай Кеша ищет клад" атты 4 повесть жазған.
Жазушы әзіл әңгімелердің де авторы болып саналады. Олардың бесеуі "Ералаш" киножурналына енген.
1970 және 1977 жылдары Александр Курляндский 2 рет "Золотой теленок", "Клуба 12 стульев", "Литературной Газеты" сыйлығына ие болған.
963 рет оқылды