12 жел, 2019 сағат 14:02

Нигердегі содырлардың шабуылы: 73 адам қаза тапты

Нигердің батысында содырлар әскери базаға шабуыл жасап, кем дегенде 73 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Содырлар Нигердің батысындағы әскери базаға шабуыл кезінде кем дегенде 73 сарбазды өлтірді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Нигердің қорғаныс министрлігі «көптеген лаңкестердің көзі жойылғанын» мәлім етті.

Қазіргі уақытта бұл шабуыл үшін ешқандай топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.