10 там, 2020 сағат 04:20

Нигерде қарулы топ туристерді өлтіріп кетті

Нигер елінің оңтүстік-батысында 8 адам қарулы шабуылдың құрбаны болды. Қаза тапқандар арасында алты француз турист және жергілікті гид пен жүргізуші бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еуроньюске ілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша мотоциклге мінген қарулы адамдар машинаны қоршап алып, оқ атқан. 

Оқиға Нигер, Мали, Буркина-Фасо секілді үш елдің шекарасы түйісетін аумақта, Куре қорығында болған. 

Қорықта керік өте көп, туристер соған қызығады. Алайда үш жыл бұрын онда «Боко харам» мен «Ислам мемлекеті» секілді қарулы топтардың белсенділігіне байланысты төтенше жағдай жарияланған.