30 жел, 2020 сағат 08:37

Нидерланды әскері коронавируспен күреске тартылды

Нидерланды елінің қорғаныс министрлігіндегі әскери қызметкерлердің бір бөлігі қарттар үйлеріне көмек көрсетуге жіберілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қорғаныс министрлігінің 1000-ға жуық қызметкері 2021 жылдың ақпан айына дейін Нидерландының Гронингене, Твенте және Гельдерланд провинцияларында медициналық қызметкерлерге көмектесетін болады. 

Нидерландының қорғаныс ваедомствосы дәрігерлер мен медбикелерден бастап, палата санитарлары мен әкімшілік қызметкерлерге дейін қызмет көрсетушілердің кең спектрін ұсынады. 

Дүйсенбіде Гронинген және Твенте провинцияларының аймақтық қауіпсіздік кеңестері ел үкіметінен қосымша көмек сұрады. 

Аталған аймақтарда науқастарға күтім жасайтын қызметкерлерге көп салмақ түсіп жатыр. Қызметкерлердің 10 пайызына дейін коронавирус жұқтыруына байланысты жұмысқа шыға алмаған.