Фото: Massaget.kz
Белгілі журналист Қымбат Әбілдәқызы Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіріп, Тұрсынбек Қабатовтың анасына жазба арнады, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол бұл жағдайға бейжай қала алмағанын айтты.
"Бүкіл жұртты дүрліктірген Мөлдірдің көз жасы - күндіз күлкімізді, түнде ұйқымызды бұзып бітті. Бейжай қала алмай, мен де шер тарқаттым…" - деді Қымбат Әбілдақызы.
Сондай-ақ журналист Тұрсынбектің анасына қайырылып, ұлына неге басу айтпағанын сұрады.
"Мөлдірдің анасы он үш жасында қайтыс болған. Кішкентай кезінен отбасыны сақтап қалудағы үлгісін бойына сіңіріп кеткені байқалады. Ал Тұрсынбектің анасы, сіз тірісіз ғой! "Балам, сен адассаң да мен адаспаймын. Ол сенің қолыңа қонған ақ құсың, енді жапырағың жайқалып бәйтерекке айналар шағыңда, мені бұны көтере алмаймын" деп неге өзіңіз басу айтпайсыз? Анасының сөзін тыңдамайтын ұл бала жоқ. Ананың сөзін ұлдар ерекше құрметтейді", - деді журналист.
