30 жел, 2020 сағат 06:10

Неапольда күшті дауыл болды

Неаполь жағалауында күшті дауыл болып, қала аудандарын алып толқындар басты, деп хабарлайды Euronews агенттігі.

Бірнеше мейрамхана қирады, олардың иелері коронавирустан болған ауыр экономикалық дағдарыс салдарын әзер өткерген еді. 

Неаполь билігі табиғи апаттан түскен шығын көлемін есептеуде. Атап өткенде, жаяу жүргіншілерге арналған жағалаудағы жол зақымдалып, ғимараттардың терезелері мен шынысы сынған. Осы сәтте Италияның солтүстігінде қалың қар жауып тұр.