Отандық танымал әнші Назима Жәнібекова қызы Амелияның бес жасқа толуына орай оған үлкен мейрам ұйымдастырды. Өнер иесі тау курортын жалға алып, онда барша туыстары мен жақын достарының басын қосты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Назима перзентінің туған күні қалай өткенін өзінің Instagram парақшасында көрсетті. Эстрада жұлдызы қызына желіде жантебірентерлік жазба арнап, оған өз ақ тілегін айтты.
"Бұл көптен күткен туған күн. Ол күн санап, сыйлықтарды асыға күтті. Біз бірге киім таңдап жүрдік. Ол болса менің не әзірлеп жатқанымды біле алмай әлек болды. Бірақ, біз тосын сыйды ойдағыдай өткізу үшін бәріміз соңына дейін берілмедік. Бәрінен де бақытты бол жаным менің. Мұндай қызды армандай да алмадым. Алла тағалаға күнде алғыс айтамын. Біз өте ұқсаймыз. Бір нәрсені қаласа, оған қол жеткізбей қоймайды. Мнн саған зор денсаулық пен сәттілік тілеймін. Қалғанының бәрі сенде бар және одан да көп болады", - деп жазды Назима.
Назима туған күн өткен жерді ашық түсті шарлармен безендіріп, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Туған күн иесі анасынан планшет алса, қуанышына ортақтасып келген жандардан алтын бұйымдар, косметика, ойыншықтар және тағы да басқа сыйлықтарға ие болды.
Өнер иесі қызының бес жасқа толуына орай барша туысқандарын жинағысы келгенін айтты. Алайда, барлығы бірдей келе алмаған.
Жұлдызды ана балаларға арнайы аниматорларды жалдаған. Олар бүлдіршіндермен түрлі ойын өткізді.