20 қар, 2018 сағат 13:13

Назарбаев Университетінің ағылшынша оқыту бағдарламасы халықаралық сараптамадан сәтті өтті

Назарбаев Университетінің STEM пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарлама халықаралық тәуелсіз сараптама сәтті өтті, деп хабарлайды аталған ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Сараптама кезінде Назарбаев Университетінің пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы келесі санаттар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігі анықтады: 1) менеджмент, 2) инфрақұрылым мен ресурстар, 3) контент, 4) әдістеме.

Есіңізге сала кетсек, соңғы екі жыл ішінде жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін Назарбаев Университетінде қазақстандық 5 мың  мұғалім даярлық өтті.  Қазақстан Республикасында үш тілде білім беру саясаты аясында 2017-2018 жылдары Назарбаев Университеті химия, физика, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту үшін 5 мыңнан астам қалалық және ауылдық мектеп мұғалімдерін дайындады. Бағдарлама түлектері тиісті халықаралық тілдік емтиханды ойдағыдай тапсырып, қажетті ағылшын тілін меңгеру деңгейі - B2 деңгейін растады.

Химия, физика, биология және информатика пәндерін орта мектептердің 10-11-сыныптарында ағылшын тілінде оқыту 2019 жылы басталады деп күтілуде.