11 жел, 2024 сағат 16:01

Назарбаев университеті 73 млрд теңгені тиімсіз пайдаланған

Фото:weproject.media

Жоғары аудит палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Назарбаев университетінде 73 млрд теңгеге тиімсіз жоспарлау мен пайдалану фактілері анықталғанын айтты, -деп хабарлайды ult.kz.

"Негізгі кемшіліктер, біріншіден университет әлі күнге дейін республикалық бюджетке тәуелді болып отыр. Бұрынғы дербестігіне, президенттің көмегіне, салықтан босатылғанына қарамастан әлі де университет 97 пайызбен бюджеттен қаржыландырылады. Стратегиялық құжат бойынша университет басқа көзден қаржы табуы керек болған. Бірақ бұл жұмыс әлі де тиімді жұмыс істемей жатыр", – дейді Смайылов.


Әлихан Смайыловтың сөзінше қолданыстағы заң университетті қаржылық есеп ұсынуға міндеттемейді және бұл университет жұмысының ашықтығына кері әсерін тигізеді.

"Аудиттің нәтижесі бойынша 73 млрд теңгеге тиімсіз жоспарлау мен тиімсіз пайдалану фактілерін анықтадық. Сонымен бірге жарты млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтадық. Университеттердің стратегиялық серіктестері – тауарлар мен қызметтерді конкурссыз, бір көзден беріп отыр. Бұны да біз дұрыс емес деп есептейміз. Ғылыми зерттеулердің коммерциялануы да өте төмен.  Сондықтан, осы кемшіліктер бойынша аудиторлар университетке және үкіметке тиісті ұсыныстарын берді», -деп отыр ол.