06 шіл, 2021 сағат 18:40

Назарбаев туралы фильм кинофестивальдерге қатысады


Тұңғыш Президент-Елбасы тұлғасына арналған «Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмінің режиcсері Игорь Лопатенок кадрға кірмей қалған сәттер кітап болып шығатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Фильмнің сегіз эпизодына енбеген сәттер болды. Сондықтан біз кітап шығарамыз, оның 700-ге жуық бетіне өңделмеген материалдар кіреді. Жуық арада осы істі қолға аламыз» - деді Игорь Лопатенок БАҚ өкілдеріне. 

Режиссер туынды бүкіл әлем көрермендеріне арналғанын, сол арқылы Қазақстан мен оның көшбасшысын таныту жоспарланғанын атап өтті.

«Біз Еуропа мен Азиядағы, Америкадағы бірнеше фестивальге қатысамыз. Мен қазір бәрін алдын ала айтқым келмейді. Бірақ конкурстарға қатыспас едік. Өйткені кадрда Оливер Стоун мен Нұрсұлтан Назарбаев болғанда жетістікке жету оңай. Ал конкурсқа фильмнің бюджетіне ақшаны әрең тапқан тәуелсіз кинематографистер қатысуы мүмкін. Мен олардың еңбегін еш еткім келмейді», - деді Игорь Лопатенок.