ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Бацула Александр Ефимовичтің қазасына орай көңіл айтты. Бұл туралы Елбасы сайты хабарлады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прездиенті бұрынғы Қазақ КСР қаржы министрі Александр Бацуланың қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылуда.
«Есепшіден Қазақ КСР қаржы министріне дейінгі үлкен еңбек жолынан өткен ол, осы саланың дамуына елеулі үлес қосты.
Мен Александр Ефимовичті республиканың Министрлер Кеңесіндегі бірлескен жұмысымыздан жақсы танимын. Ол жоғары кәсібилігімен, терең біліктілігімен, бір беткейлігімен, жақсы адами қасиеттерімен ерекшеленетін еді.
Александр Бацуланың жарқын бейнесі оны таныған адамдардың есінде мәңгі сақталады», - делінген жеделхатта.
Бацула Александр Ефимович бүгін, 96 жасына қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды.
