03 мау, 2020 сағат 12:27

Найзағай, жел, аптап: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

4 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Күндіз оңтүстікте 38 градус аптап ыстық сақталады.

4 маусымда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан және шығыстан күшті жел соғады. Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Орал қаласында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады.