5-7 тамыз күндері республиканың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, қатты жел және жаңбыр болжанады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің батысында термометр бағандары түнгі уақытта 15-25 градус жылыны, солтүстігінде 10-20 градус жылыны көрсетеді.
Күндізгі уақытта ауа температурасы батыста 27-35 градусқа дейін, солтүстікте 23-30 градусқа дейін төмендейді.
Шығыста және орталықта ауа температурасы түнде 10-20 градус, күндіз 25-35 градус аралығында болады.
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық, құрғақ ауа райы сақталады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Алдағы күндері ауа температурасы түнде 20-28 градус, күндіз 32-42 градус болмақ.