"Ресейден Қазақстанға ағылатын туристер саны арта түседі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында National Geographic Traveler журналының бас редакторы Ольга Яковина мәлім етті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Бүгінде Қазақстан туристік салада әлеуеті жоғары, перспективалы әрі қызығушылық тудыратын бағыт екені белгілі, осы ретте бүгін әлем елдерінен туристерді тартуға мүмкіндіктер баршылық. Атап айтқанда, туризм мен саяхат тұрғысында біз халықаралық деңгейдегі ресейлік алдыңғы қатарлы басылым ретінде бұл салада іске асырылатын қадамдардан тысқары қалғымыз келмеді. Бүгінде Қазақстанмен байланысты бірнеше бірлескен қызықты жобалар іске асырылуда», - деді О. Яковина.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда шетелдік адамдарды тартатындай қызықты нысандар мен елді мекендер көптеп кездеседі.
«Ресейлік туристік сала жайында өте жақсы білемін, алайда бізде Қазақстанның туристік бағыттары туралы көп біле бермейді. Бүгінде Қазақстан біз үшін енді жаңа қарқынды туристік бағыт ретінде қызығушылық тудыруда. Қазіргі кезде Ресей азаматтарының көршілес мемлекеттер мен ТМД елдеріне саяхаттап баруы қарқыны артып келеді. Менің ойымша, «ЭКСПО-2017» бұл тұрғыда тың серпін беріп, адамдар көрмеден кейін де сапарларын тұрақты түрде жалғастыратын болады», - деді бас редактор.