Соңғы 20 жылда Амазонка бассейнінің үстінде атмосфераның төменгі қабатындағы судың мөлшері адамның кесірінен бірден төмендеп кеткен. Бұған NASA климаттық спутнигінің деректері дәлел бола алады. Соның салдарынан әлемдегі ең үлкен тропикалық ормандардың аумағы бірден қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды НАСА Реактивті қозғалыс зертханасының (JPL) баспасөз қызметі.
Экологтардың ағымдағы бағалауы бойынша, амазондық тропикалық ормандар 5,5 млн шаршы шақырымды алып жатыр. Олар жердегі барлық тірі ағзаларда сақталған көміртектің шамамен 10% құрайды және жыл сайын өндірілетін биомассаның осындай мөлшеріне ие. Сонымен қатар, олар фотосинтетикалық ағзалардың Жер бетіне шығаратын жалпы оттегінің 6% құрайды.
Зерттеушілер соңғы жылдардағы көрсеткіштерге байланысты амазон ормандарының тағдырына алаңдаулы.
Бір жағынан, ғалымдар соңғы жылдары Амазониядағы орман кесу қарқынының өсіп келе жатқандығына алаңдаушылық білдіре бастады. Сонымен қатар, климатологтардың есептеулері көрсетіп отырғандай, Оңтүстік Американың экваторлық және тропикалық ормандары алдағы онжылдықтарда жауын-шашынның азаюына және температураның көтерілуіне байланысты тұрақсыз болады. Бұл олардың келесі ғасырдың басында толықтай жойылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.