03 шіл, 2021 сағат 13:20

Нальчикте контртеррористік операция режимі енгізілді


Нальчик қаласы округінің аумағында контртеррористік операция режимі (КТО) енгізілді. Бұл туралы тілшілерге Кабардин-Балқар жедел штабынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Федералдық заңның № 35-ФЗ 2006 жылғы 6 наурыздағы «Лаңкесттікке қарсылық туралы» талаптарын басшылыққа ала отырып, лаңкестік актінің жолын болдырмау және оны ашу, салдарын азайту және тұлға, қоғам және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерін қорғау мақсатында Ресей Федерациясы Кабардин-Балқар Республикасы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы, генерал-майор С.В.Воронин 2021 жылғы 3 шілде күнгі сағат 03:15-тен бастап Нальчик қалалық округінің Биттиров, Канукоев, Центральная, Жабело көшелерімен шектелетін бақша учаскелері ауданында контртеррористік операцияның құқықтық режимін енгізу шешімін қабылдады», - делінген хабарламада. 

Сағат 2021 жылғы 3 шілдедегі сағат 05:20-дан бастап контртеррористік операцияның құқықтық режимі сондай-ақ келесі шекараларда енгізіледі: Баксан қалалық округінің шығыс төңірегі (Конечная көшесі) - А-158 күре жолы (Прохладный - Баксан) – Баксаненок ауылдық мекеннің батыс төңірегі (Промышленная көшесі) – Баксан өзенінің алқабы. 

Жедел штаб мәліметінше, КТО режимі кезеңінде аталған аумақта ерекше бұйрық берілмегенше бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер енгізіледі: жеке тұлғалардың құжаттары тексеріліп, қоғамдық тәртіпті қорғау күшейтіледі, телефон әңгімелері қадағаланады, ал қажет болған жағдайда КТО режимі енгізілген аумақта тұрып жатқан жеке тұлғалар уақытша көшіріледі.