23 қар, 2020 сағат 16:18

Мысырда қазақстандық туристен коронавирус анықталды

Мысырда қазақстандық туристен коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шарм эль Шейхте Қазақстанға ұшуы тиіс болған қазақстандық туристердің бірінен ПТР-тест тапсыру кезінде коронавирус анықталды. Ер адамда аурудың еш белгілері байқалмаған. Ол карантиндік блокқа орналастырылды. Оны медицина қызметкерлері бақылайтын болады. Науқастың жүріс-тұрысы, тамақтануы бойынша барлық шығындар сақтандыру есебінен өтеледі. Пациент сауығып шыққаннан кейін отанына жіберіледі», - деп хабарлады «Нефер тур» туристік компаниясының өкілі Ибрагим Елатар.