Бүгін Қазақ Ұлттық өнер академиясында Димаш Құдайбергеннің фанаттарымен кездесуі кезінде мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбек әншіге бата беріп, оған ақылын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мырзатай Жолдасбек: «Алла Тағаланың қазақтың маңдайына берген әншілері көп болды. Бірақ, олардың көбі бүгінгі Димаш сияқты шекара асып, бүкіл әлемді таңғалдыра алмаған. Өйткені, мүмкіндіктері болмады. Әміре Қашаубаев қана Парижге барып ән салды» дей отыра, Димашқа «осы танымалдылықты көтере біл» деген ақылын да айтты.
«Қой көрмеген көргенсіз қуалап жүріп өлтіреді» дегендей, Димаш осыны көтеріп кетсе жақсы болар еді... Сен (Димашқа қарата айтқан сөзінде - агенттік) көтеріп кетуің керек, өйткені, халық сенен үлкен үміт күтіп отыр. Алдыңда талай жарыс бар», - деп батасын берді.
Айта кетейік, әнші Димаш Құдайберген бүгін Қазақ ұлттық өнер академиясында өз ұстаздарымен және достарымен кездесті.