02 қаз, 2021 сағат 22:46

Мурашко: «Спутник V» вакцинасын халықаралық деңгейде тіркеуде кедергі қалмады


Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеуге кедергі болған барлық кедергілер жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ресейлік шенеунік ТАСС агенттігінің сұрағына берген жауабында айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейюспен кездесуі қалай өткенін баяндаған ресейлік министр «Спутник V»-ді халықаралық деңгейде тіркеу мүмкіндіктері туралы айтады. 

«Ресей Федерациясының ресейлік «Спутник V» вакцинасын ілгерілету және тіркеу туралы ұстанымы тыңдалды. Біз бүгінде мәселелердің бәрін толығымен жойдық. Өтініш беруші – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алаңында «Спутник V» вакцинасын тіркеумен айналысатын компания бірқатар құжаттарға қол қойып, бірқатар қосымша құжаттарды ұсынуы керек. Бұл әкімшілік рәсім және бұл қарастырылады»,-депеген Ресейдің Денсаулық сақтау министрі «Спутник V» вакцинасын тіркеу бойынша енді ешбір кедергі қалмағанын айтты. 

«Бүгінгі таңда барлық кедергілер жойылды. Сондықтан біз бүгін одан әрі жұмыс істеуге ешқандай кедергі көріп отырған жоқпыз. Мұны бізге Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры растады», - деді ол. 

ТАСС агенттігінің жазуынша, Гебрейесус Ресей Twitter-дегі жазбасында аталмыш кездесу тарлы пікір білдіріп, оның барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл қолдануға ұсынған дәрі-дәрмектер тізіміне коронавирусқа қарсы вакциналарды енгізу процедурасы талқыланғанын атап өтті. 

Еске салсақ, «Спутник V» вакцинасы Қазақстан азаматтары ең көп қабылдаған вакцина болып саналады. Қарағанды қаласында ресейлік вакинаны жасайтын зауыт та жұмыс істеп тұр.