#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

Мұқағали - 90 жыл: Ақын мерейтойында жаңа фильм көрерменге жол тартады

  • 16.09.2020
  • 0
  • 71

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңа фильм түсіріліп бітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жөнінде «Қазақфильм» киностудиясы арнайы мәлімет таратты. 

«Ұлтымыздың ақиық ақынының алдағы бесінші мерейтойын осы жолы ерекше өткізуге «Қазақфильм» киностудиясы да аянбай атсалысып отыр. Кинотеатрлар ашылған кезде бірінші болып көрерменге жол тартатын режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» көркем фильмі түсіріліп бітті. Қазір туындының монтаж жұмыстары жүріп жатыр» деп хабарлады киностудия Facebook парақшасында. 

Еске сала кетейік, фильмнің түсірілім жұмыстары өткен жылдың маусым айында басталған. Негізгі эпизодтар Алматы облысы мен Алматы, Өскемен қалаларында және Санкт-Петербургте түсірілді. Картинаға ақын өмірінің соңғы жылдары арқау болған. 

Мұқағали Мақатаев – қазақтың лирик ақыны. Аз ғұмырында бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандары жарық көрген. Аударма саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. 

Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған. 

Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келіп, 1976 жылдың 27 наурызында Алматыда дүниеден өткен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар