06 қыр, 2018 сағат 11:27

Моңғолия Үкіметі оқушыларға смартфон қолдануға шектеу қойды

Сәрсенбі күні Моңғолияның Министрлер кабинеті жалпы білім беру мектептері мен басқа да оқу орындары аумағында смартфондар қолдануға шектеу қою туралы шешім қабылдады. Үкіметтің бұл қаулысы осы жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, қазіргі таңда Моңғолияда 8-17 жас аралығындағы балалардың 71,8 проценті ұялы телефонды белсенді қолданады. Оның 54,6 процентінде интернет қосылған. 

Ғалымдар мен дәрігерлер 12 жасқа толмаған балаларға смартфон беруге болмайтынын ескертуде. Себебі, жоғары дәлдіктегі электромагниттік сәулелер балалардың денсаулығына зиян келтіреді.