Молдованың Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлау нәтижесі екі аптадан кейін елде президент сайлауының екінші кезеңі өтуі мүмкін екенін көрсетті. Өйткені бірде-бір кандидат сайлаушылардың 51% дауысын жинай алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Молдпресске сілтеме жасап.
Хаттамалардың 94%-дан астамы өңделгеннен кейін азаматтардың шамамен 35%-ы тәуелсіз кандидат Игорь Додонға дауыс берген, ал 32%-дан астамы «Әрекет және ынтымақтастық» партиясының кандидаты Майя Сандуды қолдағаны белгілі болды.
ОСК ұсынған қазіргі мәліметтер бойынша, сағат 24.00-ге дейін Молдовада президент сайлауы кезінде ашылған 2143 учаскеден 2019 (94,21%) хаттама өңделді. Осылайша сайлаушылардың шамамен 17%-ы «Біздің партиямыздың» кандидаты Ренато Усатыйға, ал 7%-ы «Шор» партиясының кандидаты Виолетта Ивановаға дауыс берген.
«Абырой мен шындық платформасы» партиясының кандидаты Андрей Нэстасе шамамен 3%, ал Ұлттық бірлік партиясының кандидаты Октавиан Цику шамамен 2% дауыс жинаған. Молдаваның либерал-демократиялық партиясының кандидаты Тудор Делиге, «UNIREA» блогынан Дорин Киртоакеге сайлаушылардың бір пайызы дауыс берген.
ОСК мәліметтері бойынша, 21.00-ге дейін 1 214 378 адам, яғни сайлаушылардың 42,7%-ы дауыс беруге келген.