Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қарасты медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Ләззат Шоманова мобильді бригадалар қызметіне қатысты сындарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері ӘМСҚ мамандарына еліміздің әр түкпірінен мобильді медициналық бригадалардың жайбасарлығына және жеткіліксіз жабдықталғанына шағым көп түсіп жатқанын жеткізді.
«Коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс бойынша мынаны түсіндіргім келеді. Мобильді бригадалар келмейтіні туралы мәселе аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының құзырында. Мобильді бригадалардың жұмысын Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырады. Өйткені ондай бригадалар дәрігерлік амбулаторияларда ашылады. 5 мың тұрғынға шаққанда бір мобильді бригада деп есептелген. Мобильді бригада жіті респираторлық вирустық инфекция, пневмония және коронавирус жұқтыруы мүмкін науқастарға барады. Бұл ретте, егер аталған көмек көрсетілмесе немесе емхана бұл көмектен бас тартса, онда қордың 1406 телефонына хабарласып, науқастіркелген емхананы көрсету тиіс. Бұл қор мамандарының шағымға уақтылы жауап беруі үшін қажет», - деп түсіндірді Ләззат Шоманова.