22 қыр, 2021 сағат 12:15

Минус 9°C-қа дейін төмендейді: 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2021 жылдың 23-25 ​​қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктер мәліметінше, салқын Атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжып, Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді.

"Солтүстік және шығыс өңірлерде төмен, бірақ қалыпты ауа температурасы сақталады. Бірақ кезең ішінде ауа райы жауын-шашынсыз және салқын болады. Түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында термометр 1-9 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бейсенбі күні астанада түнде +3, күндіз +8 градус болады. 24 қыркүйекте түнде плюс екі градус, күндіз +8 градусты көрсетеді. Сенбі күні таңертең -2°C, күндіз +12°C.

23 қыркүйекте Алматыда сынап бағанасы түнде +14, күндіз +22 градусты көрсетеді. Ал жұмада түнде +11, күндіз +19°C, күн ашық. 25 қыркүйекте де дәл осындай ауа райы сақталады.

Шымкентте бейсенбіде түнде +14, күндіз +27 градус болады. 24 қыркүйекте түнде +14°C, күндіз отыз градус ыстық. Сенбіде де шымкенттіктерді күн шуағы қуантады. Күндіз сынап бағанасы 31 градусқа дейін көтеріледі.