18 жел, 2020 сағат 09:24

Минскіден ұшып келген келген 4 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

2020 жылғы 16 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 4 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, Үндістан, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келген.

2 052 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 674 адам, анықтамасыз 378 ҚР азаматтары болған.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 206;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 760 жолаушы, анықтамамен - 601; анықтамасыз - 159;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келді;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 75 жолаушы, анықтамамен - 72; анықтамасыз - 3;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 129; анықтамасыз - 10.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

«2020 жылдың 16 желтоқсанында анықтамасыз келген 311 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды», - делінген хабарламада.