Министрліктер мен әкімдіктердің сайты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік органдардың интернет ресурстары бірыңғай платформасы қалпына келтірілді. Сайттар штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деді делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен.
Бұған дейін мемлекеттік органдардың интернет ресурстары бірыңғай платформасы жобасының істемей тұрғанын хабарлаған едік.
Айта кетейік, 2020 жылдың 24 маусымында 17 министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы орган интернет-ресурстардың бірыңғай платформасына (МО ИРБП) көшкен болатын. Осылайша, МО ИРБП мемлекеттік органдардың барлық сайттарын біріктіріп, ақпарат алу мен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай терезесіне айналды.