Фото: ашық дереккөз
Ұлттық құрылтайдың хатшысы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бурабайда өтіп жатқан құрылтайдың «Мәдениет. Өнер. Руханият» тақырыбындағы секциясында модератор болды. Министр бұған дейін өткен жиындарында көтерілген мәселелерге тоқталды. Соның бірі - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жағдайына қатысты, деп хабарлайды Ult.kz Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
«2023 жылдан бері кесенеде кешенді ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыс аясында кесененің конструкциялық тұрақтылығы, ылғалдану көздерін зерттеу жүзеге асырылды. 2025 жылға ғылыми реставрациялық жұмыстарға бюджеттен қаржы қарастырылған. Күн жылынғаннан кейін тиісті жұмысты бастаймыз. Сонымен қатар биыл Түркістан қаласында өтетін халықаралық симпозиумға дайындық жұмысы басталды. Жиын аясында Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы жаңаша зерделеніп, оның хикметтерінің мәні мен маңызы терең талқыланады», деді министр.