Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан қаласында киностудия салу идеясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтоты Райымқұловаға елордада «Қазақфильм» кино студиясына балама нысан салу жобасының тағдыры туралы сұрақ қойылды.
«Кинематография туралы заң қабылданғаннан кейін Нұр-Сұлтанда жеке киностудия салу мәселесі көтерілген болатын. Бірақ аудит жүргізіп, талқылаулар жасай келіп қазақ кионсының бренді – Алматыда орналасқан Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын одан әрі дамыту және жаңғырту туралы шешім қабылданды. Сондықтан елордада жаңа киностудия салу мәселесі жабық. Ондай мәселе қаралып жатқан жоқ», - деді сала жетекшісі.