Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметшілеріне, курсанттар мен кадеттерге ата-анасымен, достарымен және туыстарымен хат-хабар алысу үшін ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" sarbaz.kz сайтына сілтеме жасап.
Ондағы мақсат - лауазымды тұлғалардың жеке құрамның моральдық-психологиялық күйіне жеке жауаптылығын қадағалау және арттыру.
Телефонмен әңгімелесуге аптаның әр күні 15:00-ден 16:00-ге дейін рұқсат етіледі, оны ұйымдастырудың сапасын қамтамасыз ету үшін жүйелі бақылау жасалады. Бұрын ұялы телефонды пайдалануға аптасына бір рет - жұма күні рұқсат етілетін.