27 қаз, 2020 сағат 12:08

Мемлекеттік кірістер комитеті асабалар мен әншілерге салық салуға қатысты түсінік берді

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев асабалар мен әншілердің табысына салық салуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Баспасөз мәслихатында әншілер мен асабалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені, алайда олардың табысына салық төлету қалай реттелетіні сұралды. 

«Салық төлеу үшін олар алдымен салық тіркеуіне тұруы керек. Тіркеуге тұрғызу бойынша жұмыс жүргіземіз, оларға хаттамаларды беріп, тіркеуге қоямыз. Қазіргі кезде бұл бағыт микробизнес болғаннан кейін, осы сала табыс салығынан толық босатылған», - деп түсіндірді Сұлтанғазиев.