
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерге алғыс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Волонтер жылында еріктілер елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін үлкен жұмыс атқаруда. Олардың еңбегі - халқымызға тән асыл қасиеттердің көрінісі. Волонтерлерге алғыс айтамын! #Birgemiz!», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
