03 ақп, 2021 сағат 08:36

Тоқаев Әнес Сарайдың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, драматург Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

«Көрнекті жазушы, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Төлендіұлы Сарайдың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Қарымды қаламгер республикалық газеттер мен баспада және Қазақстан Жазушылар одағында еңбек сіңірді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында тарихи, әдеби-зерттеу туындыларын тарту етті. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Жазушы, драматург Әнес Сарай Ұлттық пантеонда жерленетін болды.

Айта кетейік, кеше қабырғалы қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Сарай өмірден озды.