06 жел, 2023 сағат 20:30

Тоқаев Ақтөбе қаласындағы үстел теннисі орталығына барды

Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласындағы үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар.

Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.