11 мау, 2020 сағат 15:48

Мемқызметшілердің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру ұсынылды

Үкіметте өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында мемлекеттік қызметшідердің 80%-ын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ауру адаммен байланыста болғандардың арасында вирусты жұқтырғандар саны артты, оның ішінде бір отбасы мүшелері арасында сырқаттану жағдайы көп тіркелуде. Өткен екі аптада коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы ұжымдарға қатысты болып отыр», — деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Л. Бюрабекова. 

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов адамдардың ауыру саны артып отырған өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырды.

Мемлекеттік орган басшыларына ұжымның 80%-ын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.