ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептерде оқу аптасының ұзартылуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай оқу аптасы ұзарту туралы шешімді мектептің өзі қабылдайтындығын айтты.
«Бұл мектептің құзыретіне кіреді. Егер сенбі күні де оқу қажет болып жатса, онда мұндай мүмкіндік бар. Бірақ, шешім білім беру ұйымының ата-аналармен бірлескен педагогикалық кеңесінде қабылданады», - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.