Мексиканың шығысында 21 адамнан тұратын туристер тобын тау өзенінің ағысы алып кетті, деп хабарлайды Milenio газеті.
Оқиға Веракрус штатындағы Коста-де-Оро аймағында орын алған. Төрт адам қаза тауып, үшеуі хабар-ошарсыз кетті.
Бес турист медициналық көмекке жүгінді, олардың өміріне қауіп жоқ. Топтың барлық мүшесі Мексика азаматтары болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл аймаққа нөсер жаңбыр жауып, өзендегі су деңгейі күрт көтерілген. Соның салдарынан қайғылы жағдай орын алған. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуге бірнеше құтқарушылар бригадасы тартылды.
Өңірлік прокуратура адам өліміне қатысты тергеуді бастады.