30 қаң, 2023 сағат 09:26

"Меккеге бару сән болып кеткен бе?" - Бибігүл Дәулетбекқызы шоу-бизнес өкілдеріне шүйлікті

Фото: facebook.com/bibigul.dauletbek

Белгілі тележүргізуші әрі блогер Бибігүл Дәулетбекқызы қажылыққа баруды "сәнге айналдырған" шоу-бизнес өкілдеріне қатысты ойын бөлісті. Сондай-ақ, ол орамал бүркеніп, кейін оны шешіп тастайтын әншілерді сынға алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Инстаграмды ашсаң болды, алдыңнан Меккеде жүрген шоу-бизнестердің сайқымазақтары: "Умрада жүрмін" деген суреттерін жарыса салуда. Кеше ғана дөтенін жалтыратып жүрген әншілерің орамалға бүркеніп жатыр шеттерінен. Жә, өз қалауы. Бірақ со біреулер миллиондаған қыз-келіншектің миын улайды да, сол хиджабын қайта шешіп тастайтынына жыным ұстайды! 

Немене мода болып кеткен бе Меккеге бару?!

Соларға қояр сұрағым: сендер өзі соңғы рет бұл дүниеден өткен ата-әжелелеріңнің, жақындарыңның зиратына қашан бардыңдар? Әруақ риза болмай - тірі байымайды. 

Осылай кете берсек, бір күні Ауған еліне айналамыз ба деп қорқамын! 

А, айтпақшы, кеше Мұхамеджан Тазабеков Алматыда қызын ұзатып, ол тойда Бекболат Тілеуханнан бастап бүкіл әншілер, ығайлар мен сығайлар болыпты ғой. "Тойдағы әйелдердің бәрі бүркеніп алған хиджапқа, құдды Сауд Арабиясы елінде жүргендей болдым" деп айтып жатыр барғандар. Жетіскен екенбіз дедім.

Қызық деймін де. Бұл кісілер Түркияда өмір сүреді, тойларын елде жасайды..." - деп жазды ол Facebook парақшасында.