03 шіл, 2020 сағат 07:46

Медуниверситет пен колледждің 536 түлегі коронавируспен күреске тартылады

Елордада медициналық университет пен колледждің 536 түлегі COVID-19 инфекциясымен күреске жұмылдырылады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Медициналық университет пен колледждің 536 түлегі COVID-19 инфекциясымен күреске тартылып жатыр. Студенттерді жұмысқа орналастыру мен індетке қарсы күреске тарту бүгін қаланың медициналық мекемелерінің ректорларымен талқыланды. Түлектерді емханалар, ауруханалар, стационарлар және жедел жәрдем станциялары бойынша бөлеміз. Олардың бір бөлігі 3 шілдеден бастап жұмысқа кіріседі» деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, одан бөлек төсек-орын санын арттыру, медициналық жабдықтар сатып алу және басқа мәселелер бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Жақында Рамада Плаза ғимаратында 500 төсек-орын, ал өткен аптада медициналық мекемелер базасында 800 төсек-орын ашылды» деп атап өтті шаһар басшысы.